K & KKHAN & KELCH
EN한국어中文RUҚАЗ

Khan & Kelch Company

Қызметтер

Жобаны толық сүйемелдеу немесе жеке жұмыс бағыты. Қызмет құрамы мен нәтижесін жұмыс басталғанға дейін келісеміз.

01

Бизнес-жоспар және қаржылық модель

Жұмыс құрамы

Өнімді, қуатты, клиенттерді және сату арналарын нақтылаймыз. Инвестициялық және операциялық шығындарды жүйелейміз, айналым қаражатын есептейміз, негізгі және балама сценарийлерді салыстырамыз. Модельді жаңарту үшін дереккөздер мен болжамдарды белгілейміз.

Нәтиже

Бизнес-жоспар, өңдеуге болатын қаржылық модель және тексеруді қажет ететін болжамдар тізімі. Банк не инвестор үшін арнайы формат қажет болса, оны алдын ала келісеміз. Арнайы экономикалық аймақтар мен Astana Hub бағдарламаларына қатысу үшін бизнес-жоспар мен құжаттар пакетін қолданылатын заңнамаға, уәкілетті органдардың және тиісті бағдарламаның талаптарына бейімдейміз.

02

Бизнесті тіркеу

Жұмыс құрамы

Құжаттарды дайындап, компанияны тіркеуді сүйемелдейміз. Қолданылатын салық режимін анықтап, заңды салық салу нұсқаларын салыстырамыз және компания қызметіне сай оңтайлы нұсқаны таңдаймыз. Банк шотын ашуды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды сүйемелдейміз.

Нәтиже

Тіркеу құжаттары, салық режимі мен салық салу жөніндегі ұсынымдар, шот ашуға арналған құжаттар пакеті және келесі әрекеттер тәртібі. Шот ашу туралы шешімді банк қабылдайды.

03

Рұқсаттар мен лицензияларды алу

Жұмыс құрамы

Қызмет пен жобаға қойылатын талаптарды анықтап, қажетті рұқсаттар мен лицензиялар тізімін жасаймыз. Құжаттарды дайындауды, тапсыруды, сұрауларға жауап беруді және ескертулерді түзетуді сүйемелдейміз. Заңда көзделген жағдайларда тауар белгілерін тіркеуді, патенттеуді, авторлық құқықтар мен өзге зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеуді сүйемелдейміз.

Нәтиже

Қолданылатын талаптар тізімі, дайындалған құжаттар және уәкілетті орган шешіміне дейін рәсімдерді сүйемелдеу. Зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу — келісілген көлемде.

04

Жобаға арналған жылжымайтын мүлікті іріктеу

Жұмыс құрамы

Нысандарды техникалық шарттарға, инженерлік желілерге, инфрақұрылымға және нысаналы мақсатына сай іріктейміз. Орналасуын, ауданын, логистикасын және бюджетті ескереміз. Қарауды ұйымдастырып, нұсқаларды салыстырамыз және қажетті тексерулерді үйлестіреміз.

Нәтиже

Салыстыру өлшемдері, қарау нәтижелері, меншік иелеріне сұрақтар және кейінгі тексеру реті бар нысандар тізімі. Соңғы таңдауды клиент бекітеді.

05

Жылжымайтын мүлікті жалдау мен сатып алуды сүйемелдеу

Жұмыс құрамы

Нысан мен контрагенттің қолжетімді құжаттарын тексеруді үйлестіреміз, коммерциялық талаптар бойынша келіссөз жүргіземіз, депозитті, төлем кезеңдерін, бейімдеу жұмыстарын, тапсыру және шығу шарттарын нақтылаймыз.

Нәтиже

Ескертулер тізімі, келісілген талаптар және тапсырма аясындағы мәміле не нысанды тапсыру тәртібі. Шешілмеген елеулі тәуекелдерді міндеттеме қабылдауға дейін клиентке ұсынамыз.

06

Жеткізушілер мен мердігерлер

Жұмыс құрамы

Орындаушыларды іздейміз, контрагенттер туралы қолжетімді ақпаратты тексеріп, ұсыныстарды салыстырамыз. Сметалар мен спецификациялардың құрамын, көлемін, құнын және жобаға сәйкестігін тексереміз. Жеткізу, жұмыс пен төлем талаптарын келісіп, орындалу мен қабылдауды бақылаймыз.

Нәтиже

Ұсыныстарды салыстыру, анықталған мәселелер тізімі, жеткізушілердің келісілген міндеттемелері және жеткізу не қабылдау бақылауы.

07

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу

Жұмыс құрамы

Жұмыс берушіге, лауазымға және маман мәртебесіне қарай рұқсат қажеттілігін анықтаймыз. Құжаттар пакетін дайындап, өтініш беруді, сұрауларға жауаптарды және қажет болғанда рұқсатты ұзартуды сүйемелдейміз.

Нәтиже

Қолданылатын талаптарды бағалау және рұқсат рәсімін сүйемелдеу. Рұқсат беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

08

Комплаенс-сүйемелдеу

Жұмыс құрамы

Ішкі саясаттарды, стандарттар мен рәсімдерді әзірлейміз: дербес және құпия деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мүдделер қақтығысын басқару және контрагенттерді тексеру. Жауаптылар мен енгізу тәртібін анықтаймыз.

Нәтиже

Келісілген ішкі құжаттар жиынтығы, жауапкершілікті бөлу және компания қызметіне сай рәсімдерді енгізу жоспары.

09

Операциялық команданы дайындау

Жұмыс құрамы

Дайындық өлшемдерін анықтап, жауаптыларды тағайындаймыз, команда мен жеткізушілерді үйлестіреміз және жұмыс үдерістерін құрамыз. Бухгалтериямен, жалақы есептеу (payroll) және HR-провайдерлерімен өзара жұмысты ұйымдастырамыз. Мақсатты клиенттерді, ұсынысты, тарту жауапкершілігін және алғашқы мәмілелерді сүйемелдеуді келісеміз.

Нәтиже

Операциялық рөлдерді бөлу, бухгалтерия, payroll және HR-провайдерлерімен жұмыс тәртібі, команда дайындығын тексеру тізімі және алғашқы коммерциялық әрекеттер жоспары.

10

Бизнесті операциялық басқару

Жергілікті мүдделерді білдіру

Ағымдағы іскерлік қатынастарды үйлестіреміз және бас кеңсені маңызды жергілікті шешімдерге қатыстырамыз.

Команда мен жеткізушілерді басқару

Міндеттерді белгілейміз, жұмыс үдерістерін құрамыз және қызметкерлер мен жеткізушілердің тапсырмаларды орындауын бақылаймыз.

Коммерциялық жұмыс

Бизнесті дамытуға, сатуды үйлестіруге және келісілген коммерциялық басымдықтарды іске асыруға көмектесеміз.

Басқару және есеп беру

Ағымдағы міндеттерді қадағалаймыз, мәселелерді анықтаймыз және келісілген кесте бойынша есеп береміз.

Коммерциялық және франчайзингтік шарттар

Бизнес-модельді, тараптардың міндеттемелерін, есеп айырысу мен орындау тәртібін ескере отырып, коммерциялық және франчайзингтік шарттарды әзірлеп, келісеміз.

Жобаңызды талқылайық.

Телефон нөмірін қалдырып, міндетті қысқаша сипаттаңыз. Жұмыс уақытында хабарласамыз.

Қазақстандағы жобаны талқылау